Холокост
Бұл мақаланың бейтараптығын тексеру қажет. Пікірталас барысын талқылау бетінде қараңыз. Бұл хабарды талқылау шешілгенше дейін аластамаңыз. |
Холокост | |
![]() Мажарстан еврейлерінің Освенцим лагерінің газ камераларына апарылуы, 1994 | |
Дата | 1941–1945 |
---|---|
Орны | Нацистік Германия және Екінші дүниежүзілік соғыс барысында онымен жауланған территориялар |
Сондай-ақ белгілі | Шоа (השואה) |
Түрі | геноцид, депортация, қырғын |
Мақсат | еврейлер, славяндар, сығандар, саяси диссиденттер |
Ұйымдастырған | ![]() |
Қатысушылар | 200,000 адам |
Шығын | |
Өлім | 6 миллионға жуық адам |
өңдеу ![]() |
Холокост (ағылш. The Holocaust, грек. ὁλοκαύστος — «барлығын өртеу»[~ 1]) немесе Шоа (ивр. השואה — «апат») — Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Еуропа еврейлері мен басқа да ұлттарға қарсы жүргізілген геноцид. Осман империясындағы армян геноцидімен қатар XX ғасырдағы геноцидтің ең танымал мысалдарының бірі болып табылады.[2] 1941 және 1945 жылдар аралығында Нацистік Германия және оның коллаборанттары жүргізген саясаты бойынша неміс отары тараған Еуропада 6 миллионнан астам еврей қаза тапты[3][~ 2].
Кең мағынада — нацистердің нәсілшілдік саясаты бойынша әртүрлі этникалық және әлеуметтік топтарға қарсы (кеңестік әскерлер, поляктар, еврейлер, сығандар, гомосексуалды ерлер, масондар, күдер үзген науқастар және т.б.) жүргізілген геноцид[5][6]. Нәтижесінде Еуропа яһудилерінің үштен екісі қайтыс болды.[7]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Холокосттан бұрынғы Еуропадағы жағдай
[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еврейлер Еуропада екі мыңнан астам жыл бойы өмір сүреді. 1933 жылғы санақ бойынша Еуропада шамамен 9.5 миллион яһуди тұратын, бұл сол жылдың әлем яһудилерінің 60% астам болған.[8] Ортағасыр бойы Еуропалық еврейлерге қарсы антисемитизм болды, оларды христиандар Иса пайғамбарды өлтірді деп айыптайды.[9]
1871 жылы орын алған Германияның бірігуі кезіндегі еврейлердің Германия азаматтығын алғаны мен Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германияда өскен ұлтшылдық нәтижесінде елдің барлық мәселелеріне еврейлер кінәлі деп айыпталды. Еврейлер неміс әскерилерінің «арқаларына пышақ салды» деген миф те пайда болды.[10] Антисемитизм тағы Неміс нацистері идеологиясының негізгі идеяларының бірі болған.[11] Олар Кеңес Одағын және барлық Батыстық елдерді еврейлер басқарады деп санаған.[12]
Нацистердің билікке келуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Нацистік партияның сайлауларда жинаған дауыс саны 1928 жылы 2 пайыз дауыстан 1932 жылы 37 пайызға дейін жоғарылады. 1932 және 1933 жылдары өткен сайлаудағы жетістіктері кезінде нацистер өздерінің еврейлерге қарсы идеяларының орнына неміс сайлаушыларын ауыл шаруашылығы, экономиканы қалпына келтіру, туризм және денсаулық сақтау сияқты басқа да кең ауқымды мәселелерді жиі көтеретін.[13]
1933 жылдың қаңтарында Адольф Гитлер билікті өзіне тартып алды, оны бірнеше оңшыл саясаткерлер қолдаған еді, бірақ көп ұзамай ол бүкіл билікті өзіне алды да, Нацистік партиядан өзге саяси қозғалыстың барлығына тыйым салынды, және партия БАҚ-ын басқаруды бастады.[14] Нацистік билік тұсында коммунистер, гомосексуалдар және сығандарға қарсы репрессиялар жүргізілді, олар қамалға алынды немесе концлагерлерге жіберілді.[15] Жаңа режим экономикалық өсу және Ұлы тоқыраудан салыстырмалы түрде тез қалпына келтіру арқылы халық қолдауын алды, осы нәтижеге жету үшін тағы ре-милитаризация қолданылды.
Еврейлерге қарсы репрессиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бірінші жалпыұлттық еврейлерге қарсы заңдар 1933 жылы еврейлерге бірнеше кәсіп пен мемлекеттік қызметке тыйым салынған немесе шектелген кезде қабылданды.[16] Кейінірек қабылданған Нюрнберг заңдары еврейлердің экономикалық белсенділігін шектеді, еврейлер мен еврей емес германиялықтар арасындағы жаңа некелер мен жыныстық қатынастарды қылмыстық жауапкершілікке тартты және жалпы азаматтық құқықтар шектеді. Нацистер жалпы шамамен 1,500 анти-еврейлік заң қабылдады.[17] Яһудилер кейбір жерлерден немістерден көрген қысымнан кетуге мәжбүр болды, ал басқалары еврей еместермен жыныстық қатынаста болды деген айыппен көпшілік алдында қорланды.[18]
1938 жылы 9–10 қарашада нацистер бүкіл Германияда ойран ұйымдастырды, оның нәтижесінде 7500-ден астам еврей дүкендері тоналды (жалпы саны 9,000 еді) және 1000-нан астам синагогалар зақымданды немесе жойылды.[19] Кем дегенде 90 еврей қайтыс болды және келтірілген шығын 39 миллион рейхсмаркқа бағаланды. Бұл ойран кейінірек Kristallnacht (Кристалды түн) деп аталды.[20]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Анықтамалар
- ↑ Холокост сөзінің түпкі мағынасы яһуди құлшылығынан шығып тұр, яғни «өзін өрт арқылы Құдайдың қолына тапсыру» деген мағынаны білдіреді[1]:Түпнұсқа (ағыл.)
The word "holocaust" originally derived from the Koine Greek word holokauston, meaning "a completely (holos) burnt (kaustos) sacrificial offering," or "a burnt sacrifice offered to a god.
- ↑ Израильдің Холокостқа арналған «Йад Вашем» (ивр. יד ושם) атты мемлекеттік мұражайдың айтуы бойынша, еврейлер геноцидінің нақты келтірілген саны жоқ[4]:
Түпнұсқа (ағыл.)
Yad Vashem: "There is no precise figure for the number of Jews killed in the Holocaust. The figure commonly used is the six million quoted by Adolf Eichmann, a senior SS official. All the serious research confirms that the number of victims was between five and six million. Early calculations range from 5.1 million (Professor Raul Hilberg) to 5.95 million (Jacob Leschinsky). More recent research, by Professor Yisrael Gutman and Dr. Robert Rozett in the Encyclopedia of the Holocaust, estimates the Jewish losses at 5.59–5.86 million, and a study headed by Dr. Wolfgang Benz presents a range from 5.29 million to 6.2 million.
- Деректер
- ↑ What is the holocaust? (ағыл.). Anne Frank Website (20 May 2020). Тексерілді, 1 мамыр 2023.
- ↑ https://cyberleninka.ru/article/n/liki-etnokratii
- ↑ What to Teach about the Holocaust Мұрағатталған 26 шілденің 2011 жылы.; аударманың жобасы Мұрағатталған 26 шілденің 2011 жылы..
- ↑ The Holocaust - Yad Vashem. web.archive.org (11 қаңтар 2016). Тексерілді, 1 мамыр 2023.
- ↑ Dictionary of Genocide (с. 190—191),
Holocaust. The English-language term that has been most closely identified with the nearly successful attempt … to exterminate the Jews of Europe.
…
In the 1980s and 1990s the term Holocaust also began to be used by various scholars (e.g., historian Sybil Milton) and organizations (e.g., the United States Holocaust Memorial Museum) to describe the Nazis' attempt to exterminate other groups, specifically, the Roma and Sinti and the mentally and physically handicapped.
- ↑ Encyclopedia of Genocide (с. 176),
As Simon Wiesenthal, a survivor of Auschwitz, long ago observed, «The Holocaust was not only a matter of the killing of six million Jews. It involved the killing of eleven million people, six million of whom were Jews.» Wiesenthal spoke on the basis of what was then the best available evidence. Today, some 50 years later, the only correction to be made to his statement lies in the fact that we now believe his estimate of 11 million was far too low. The true human costs of Nazi genocide may come to 26 million or more, 5 to 6 million of whom were Jews, a half million to a million or more of whom were Gipsies, and the rest mostly Slavs. Only with these facts clearly in mind can we comprehend the full scope of the Holocaust and its real implications."
- ↑ What was the Holocaust? (ағыл.). New England Holocaust memorial (Жаңа Англия Холокост мемориалы). Тексерілді, 10 мамыр 2023.
- ↑ JEWISH LIFE IN EUROPE BEFORE THE HOLOCAUST (ағыл.). АҚШ Холокост мемориалды музейі. Тексерілді, 10 мамыр 2023.
- ↑ Берген, Дорис Соғыс және геноцид: Холокосттың қысқаша тарихы = War & Genocide: A Concise History of the Holocaust — 2016. — ISBN 978-1-4422-4228-9.
- ↑ Вайтц, Эрик Д. Ұлтшылдық. Окфсорд Университетінің прессасы = Nationalism. Oxford University Press — 2016. — ISBN 978-0-19-921186-9.
- ↑ INTRODUCTION TO THE HOLOCAUST (ағыл.). АҚШ Холокост энциклопедиясы. Тексерілді, 10 мамыр 2023.
- ↑ Стоун, Дэн Холокост тарихы = Histories of the Holocaust. Oxford University Press — 2010. — ISBN 978-0-19-956679-2.
- ↑ Герлах, Кристиан Еуропалық еврейлердің жойылуы = The Extermination of the European Jews. Cambridge University Press — 2016. — Б. 151. — ISBN 978-0-521-70689-6.
- ↑ Герлах, Кристиан Еуропалық еврейлердің жойылуы = The Extermination of the European Jews. Cambridge University Press — 2016. — Б. 39. — ISBN 978-0-521-70689-6.
- ↑ Стоун, Дэн "Ideologies of Race: The Construction and Suppression of Otherness in Nazi Germany". A Companion to the Holocaust. doi.org/10.1002/9781118970492.ch3 — 2020.
- ↑ Герлах, Кристиан Еуропалық еврейлердің жойылуы = The Extermination of the European Jews. Cambridge University Press — 2016. — Б. 39. — ISBN 978-0-521-70689-6.
- ↑ Герлах, Кристиан Еуропалық еврейлердің жойылуы = The Extermination of the European Jews. Cambridge University Press — 2016. — Б. 41. — ISBN 978-0-521-70689-6.
- ↑ Герлах, Кристиан Еуропалық еврейлердің жойылуы = The Extermination of the European Jews. Cambridge University Press — 2016. — Б. 44. — ISBN 978-0-521-70689-6.
- ↑ Кесарани, Давид Final Solution: The Fate of the Jews 1933–1949 — 2016. — Б. 184–185. — ISBN 978-0230768918.
- ↑ Кесарани, Давид Final Solution: The Fate of the Jews 1933–1949 — 2016. — Б. 184, 187. — ISBN 978-0230768918.
![]() | Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|